• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Маусым, 2022

Кикшерингтік қызмет іске қосылды

350 рет
көрсетілді

Заманымен келіп жатқан жаңа игіліктер бар. Алматы көшелерінде Whoosh кикшерингтік қызметінің самокаттары пайда болды. Қала көліктері дамыған тұрақ жүйесі бар Whoosh кикшерингтік қызметінің 3 мың самокатымен толықты. Ал Нұр-Сұлтан қаласына бұл қызмет жаздың соңына қарай келеді.

Бұл самокаттарды қосымшада белгіленген виртуалды тұрақ­та ғана қалдыруға болады. Осы­лайша, компания көлік моделін­дегі кикшерингті дамыта отырып, бүкіл қалада вир­туалды авто­тұрақ­тардың тығыз желі­сін жасақ­тап отыр. Зырлаған само­кат­­тар қо­ғамдық көлік инфрақұры­лы­­мын толық­тырады және қала тұр­ғын­дарына тіпті қарбалас сәт­терге бейім­делуге мүмкіндік бере­ді. Ав­то­тұрақтар бір-біріне жақын орналасқан және тұрғын аудандарды да, қала орталығын да қам­ти­ды. Самокаттардың жылдам­ды­ғы сағатына 25 шақырымға дейін шектелген, ал әрбір пайдаланушы алғашқы сапар алдында арнайы нұсқаулықтан өтуге тиіс.

Негізгі тариф бойынша сапар 120 теңгеден басталып, минуты – 40 теңге болмақ. Саяхат құны динамикалық баға алгоритмі бо­йынша өзгеруі мүмкін. Бұл сұ­ранысқа, самокаттар санына, қуаты мен басқа өлшемдеріне тәуелді. Өз тарапынан Whoosh көшедегі тәртіппен қоса, самокат­тар­дың жаяу жүргіншілер мен басқа қозғалыс түрлеріне кедер­гі жа­самауын қадағалайды. Сон­дық­тан осы қызметтің самокаты­мен сапарды қосымшада «Р» бел­гі­­сімен белгіленген арнайы нүк­те­­­лерде ғана аяқтауға болады. Вир­­туал­ды тұрақтар самокат­тар жаяу жүр­гіншілер мен авто­мо­биль­дер­дің қозғалысына кедер­гі келтір­мей­тіндей етіп орналас­ты­рыл­ған. Компания қала әкімдігі­мен келі­сім бойынша виртуалды тұрақ орын­дарына белгі қоюды жоспарлап отыр. Сол сияқты Whoosh ко­ман­да­сы тәулік бойы самокат қуат­та­нып, жұмыс істеп тұр­ғанына көз жет­кізіп, біреуі тұраққа дұрыс тұрмай қалса, біркелкі орнатып отырады.

Алматыда электросамокаттарға ар­нал­м­аған, адамдар көп серуен­дей­тін жерлерде жүруге тыйым са­лынған аймақтар да бар. Мәсе­лен, Тұңғыш Президент атындағы сая­­бақта және Ботаникалық бақта само­катпен жүруге болмайды. Са­мо­каттар тыйым салынған аймақ­қа кіргенде, құрылғы арнайы ды­быс­тық сигнал шығарады және тоқтайды.

Қалада жылжудың жаңа түрі пайда болған кезде, самокаттарды басқару мәдениетін дамыту үшін онлайн жүргізу мектебі іске қосылды. Оқудан кейін пайдаланушы тест тапсырып, жеңілдік үшін жарнамалық код түрінде жағымды бонус алады.

Осы уақытқа дейін үлкен мегаполистерде 8 млн-нан астам адам Whoosh самокаттарын күн са­йын пайдаланып келсе, енді олар алматылықтарға қолжетімді болды. Қызметтің бірінші кезектегі мін­деті – самокаттарды басқару мә­де­­ние­­тін қалыптастыру және олар­­дың қала көшелеріне қаты­суын реттеу.

«Самокаттар қысқа қашықтық үшін уақытты айтарлықтай үнем­дейді. Бұл, әсіресе Алматы сияқты мегаполистер жағдайында өзекті. Бүкіл әлемде ауаның ластануы өзекті болып отырғанда көліктің балама, экологиялық таза түрлерін дамыту бұл мәселені ішінара шешуге көмектеседі деп үміттенеміз. Кли­маттық жағдай­лар Алматыда жыл бойы микро­мобильді көлік­ті пайдалануға мүмкіндік бере­ді. Сондықтан көптеген пайда­лану­шы самокаттар мен вело­сипед­тер­ді жақсы көреді. 2021 жылы біз қыз­метімізді пайдаланатын бар­лық қалаларда 4 мың тонна көмір­қышқыл газын үнемдедік», дейді Whoosh қызметінің негізін қалаушы және бас директоры Дмитрий Чуйко.

Техникалық тұрғыдан келсек, әрбір самокат өзінің Whoosh IoT модулімен жабдықталған, ол самокат­тарды толық бақылауға, мыса­лы, орналасқан жерін, қуат деңг­ейін бақылауға, нақты уақыт­тағы сапар, жол төсемінің сапасы туралы ақпарат алу, ұрланған кезде блоктау немесе бұзылып қалса жалға беруден бас тартуға мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, осы қызметті іске қосу арқылы Қазақстанда негізінен басқарушылық және инженерлік-техникалық бағыттағы жұмыс орындары, сондай-ақ жергілікті мердігерлермен, оның ішінде шағын бизнес өкілдерімен тұрақты және маусымдық жұмыс істеу үшін жағдайлар жасалмақ. Мысалы, Whoosh Алматы самокаттар паркіне сервистік қызмет көрсету үшін маусымда 100-ден астам адам жұмылдырылуы мүмкін.

 

АЛМАТЫ