• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Маусым, 2022

ХҚКО қызметкерлерінің жалақысы өседі

438 рет
көрсетілді

Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясындағы қызметкерлердің жалақысы өсетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Биыл ХҚКО қызметкерлерінің жалақысын 50%-ға көтереміз. Бұл ретте қызметкерлерді ынталандырудың тиісті жүйесі құрылады. Мәселен, call-орталықтың бір қызметкері 100 өтінім, ал екіншісі 10 өтінім бойынша қызмет көрсетуі мүмкін. Осы орайда күніне 100 өтінімді қабылдаған адам басқаларына қарағанда 50% немесе 100% жоғары жалақы алады. Жұмысын жылдам әрі жақсы атқаратындар мен құжаттарды баяу рәсімдейтіндердің еңбекақысын теңестіргіміз келмейді. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының негізгі міндеті – өтінімдерді жылдам әрі сапалы қарастырып, мемлекеттік қызметтерді көрсету», деді Бағдат Мусин.