Қаңтар оқиғасына қатысты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері азаптау ісі бойынша тергеліп жатыр. Бұл туралы ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент Мәжілісінде тілшілер қаңтар оқиғасы бойынша азаптау істеріне ҰҚК қызметкерлерінің қатыстылығы жөнінде сұрақ қойды.
Өз кезегінде Асқар Әмірханов ондай қызметкерлер бар екенін, алайда бұған қанша адам қатысты екенін айта алмайтынын жеткізді.
«Олар «Азаптау» бабы бойынша тергеліп жатыр. Істі қарастыру мерзімін тергеу анықтайды. Бұл ретте осы мерзім жарты жылға дейін созылуы мүмкін», деді Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.
Аяна Тоғанбек