• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауыр атлетика 22 Маусым, 2022

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы 21 медаль жеңіп алды

449 рет
көрсетілді

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы 11-18 маусым аралығында Леон қаласында (Мексика) өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында бірінші орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР ААФ бас хатшысы Алдияр Нұралиновтың айтуынша, жарысқа қатысушылардың виза алу кезінде қиындықтар болған. Сондай-ақ спортшылардың басым бөлігі алғаш рет Әлем чемпионатына қатысып отыр.

«Жарыс қорытындысы бойынша, біздің құраманың қоржынында түрлі дәрежедегі 21 медаль бар. Бұл ауыр атлетиканың Қазақстандағы №1 спорт түрі екенін білдіреді. Сондай-ақ атлеттеріміздің алдағы құрлықтық, әлемдік жарыстар мен Олимпиада ойындарында табысты өнер көрсету үшін зор әлеуеті бар екенін дәлелдейді», деді ҚР ААФ бас хатшысы Алдияр Нұралинов.

Аяна Тоғанбек