• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
Оқиға 23 Маусым, 2022

Шымкентте жалған шот-фактура жасаған ер адам ұсталды

408 рет
көрсетілді

Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан ер адамның қызметін әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

«Қылмысты іске асыру үшін 6 компания құрылды, олардың жалпы айналымы 2019-2021 жылдар аралығында 3 миллиард теңгеден асты, соның нәтижесінде мемлекеттік бюджетке салық түрінде 1 миллиард теңгеден астам қаржы түспеген», делінген хабарламада.

Қылмыстық істі тергеу аяқталып, сотқа жолданған.