• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Оқиға 23 Маусым, 2022

БҚО-да 8 жастағы бала мен қария жоғалып кетті

211 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысының құтқарушылары ер адам мен баланы тікұшақпен іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 22 маусым күні Шалқар көлінде болған. Үрленетін матраста отырған 8 жастағы баланы жел көлдің ортасына алып кеткен. Оны құтқарамын деп 1957 жылғы атасы ұмтылған.

Атасы мен немересін іздеуге Шалқар көліндегі құтқару бекетінен 5 адам бір қайықпен шыққан, бірақ бұл нәтиже бермеген.

«Содан кейін іздестіру жұмыстарына «ҚазАвиаҚұтқару» АҚ ұшағы қосылды. Сағат 23.00-де ер адамды құтқарушылар мен туыстары тапты, жағдайы қанағаттанарлық. Баланы іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр», делінген хабарламада.