• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Маусым, 2022

Мәскеуде қайтыс болған студенттің ісі бойынша тергеу аяқталды

282 рет
көрсетілді

Мәскеуде қаза тапқан қазақстандық студент Томирис Байсафаның ісі бойынша сот тергеуі аяқталды. Бұл туралы 2018 жылы қайтыс болған марқұмның анасы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың сәуір айында қазақстандық студент қыз Томирис Байсафа Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының терезесінен құлап кеткен еді. Ол 3 мамырда ауруханада қайтыс болды. Қыздың ата-анасы суицид туралы тергеушілердің нұсқасымен келіспей, тергеудің әділ жүргізілуін талап етті.

Кейіннен ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіров Ресей Федерациясының омбудсмені Татьяна Москальковаға Томирис Байсафаның өлімін тергеуге көмек сұраған еді.

2020 жылы Томирис Байсафаның өліміне қатысты Дағыстан үкіметінің бұрынғы басшысы Мухтар Меджидовтың ұлы Муртузали Меджидов қамауға алынды.

Муртазали Меджидовке қатысты қылмыстық іс Мәскеудің Никулин аудандық сотында қаралады.