Жезқазған әкімі Қайрат Әбсаттаров қызметінен кетті. Бұл туралы қалалық әкімдіктің парақшасында жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, мұндай шешім басқа жұмысқа ауысуға байланысты қабылданған.
Сондай-ақ Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен оның әріптестері де әкімге алғыстарын білдірді.
«Өңіріміздің гүлденуін тілеймін», деп атап өтті Әбсаттаров Facebook парақшасында.
Қайрат Әбсаттаров 2020 жылдың тамыз айынан бастап қала басшысы қызметін атқарған.