• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Президент 23 Маусым, 2022

Заңсыздықтың кез келген көрінісіне иммунитет қалыптастыруымыз керек – Тоқаев

195 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған жиында Қаржы мониторингі агенттігінің қызметі туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бұл бүкіл құқық қорғау жүйесінің беделіне айтарлықтай нұқсан келтіреді. Қаржы мониторингі агенттігінің күшін алаяқтыққа, қаржы пирамидаларына, капитал мен ресурстарды шетелге заңсыз шығару фактілеріне бағыттау керек.

Агенттік көлеңкелі экономикамен күресетін негізгі мемлекеттік органға айналуға тиіс. Біз қоғамда жоғары құқықтық мәдениет және сыбайлас жемқорлық пен заңсыздықтың кез келген көрінісіне берік иммунитет қалыптастыруымыз керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Соңғы жаңалықтар