• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Маусым, 2022

Қазақстанның бірқатар өңірінде жанармай қымбаттайды

258 рет
көрсетілді

Энергетика министрлігі бағаны мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларына өзгерістер енгізілетін бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәселен, Аи-92 және Аи-93 маркалы бензинге шекті баға белгілеу жоспарлануда:

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында - литріне 187 теңге; Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында - литріне 182 теңге.

Қазір аталған маркалы бензиннің шекті бағасы еліміздің барлық өңірлерінде 182 теңгеге белгіленген.

Энергетика министрлігі түсіндіргендей, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары үшін Аи-92 және Аи-93 маркалы бензинге 5 теңге/литрге бағаның өсуі ұсынылады, себебі операциялық (логистикалық) шығындардың деңгейі бөлшек сатушылардың мұнай өнімдерін өндіруші зауыттардан қашықтығына байланысты Қазақстанның басқа облыстарына қарағанда жоғары.

Мұндай бағаларды 180 күнтізбелік күнге белгілеу жоспарлануда.

Дизель отынының бағасы (жазғы, маусымаралық) өзгеріссіз қалады:

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай облысында - литріне 260 теңге; Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай – ақ Жетісу, Ұлытау облыстарында-литріне 230 теңге.

Құжат 8 шілдеге дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

Соңғы жаңалықтар