Таиланд үкіметі 2022 жылғы 23 маусымдағы бұйрық бойынша медициналық және мата маскаларын міндетті түрде кию талабын алып тастады. Енді маскалар тек ерікті түрде қолданылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Таиланд билігі маскаларды тек адамдар көп жиналатын жерлерде және нашар желдетілетін жерлерде, сондай-ақ әлеуметтік қашықтық болмаған жағдайда кию ұсынылады деп атап өтті.
Коронавируспен ауыратындар, байланыста болған адамдар, қарттар және созылмалы аурулары бар азаматтар үшін маска тағу маңызды.
Туроператорлар қауымдастығының ақпараты бойынша, 1 шілдеден бастап Таиландқа кіру үшін Енді Thailand Pass рәсімдеудің қажеті жоқ.
Thailand Pass-туристерге арналған веб-жүйе. Онда саяхат туралы мәліметтер және саяхатшылардың денсаулығы сақталған. Thailand Pass-ты толтырып, QR-кодты алып, елге кіруге болады.
Таиландқа кіру үшін вакцинацияланған туристер вакцинация паспортын көрсетуі керек. Екпе салдырмаған туристер 72 сағат бұрын ПТР тестін жасауы қажет.