• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Маусым, 2022

72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген

200 рет
көрсетілді

72 жастағы шебер-реставратор Сәрсенбай Қотырашов Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүріп келген. Осылайша, қарт саяхатшы Қазақстанның 9-шы облысына жаяу барды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бұл сапарға шығуымның үш мақсаты бар. Біріншіден, туған жерім Ұлытаудың мәдени-тарихи мұрасын насихаттаймын. Екіншіден, қымыздың пайдалы қасиеттеріне жұртшылықтың назарын аударғым келеді. Оның үстіне ЮНЕСКО-мен келісімім бар. Қазақстанды аралап, мыңнан астам қолөнершілер туралы мәлімет жинасам, олар жеке сайтқа еніп, сол арқылы дүниежүзіне танымал болады», дейді Сәрсенбай Қотырашов жергілікті басылымға берген сұхбатында.

Сапарын Ұлытаудан бастаған ақсақал наурыз айының соңынан бері жол жүріп келеді. Осы уақыт ішінде ол аяқ киімнің бес жұбын тоздырып үлгерген. Десе де, ол жолына «бір тиын» жұмсамағанына риза.

Соңғы жаңалықтар