• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 24 Маусым, 2022

Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады

189 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі жоғары деңгейлі диалогына онлайн форматта қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы халықаралық институттардың жаһандық сын-тегеуріндермен күресте жалғыз механизм болып отырғанын атап өтіп, көпжақты дағдарысқа және жаһандық басқаруға баса мән берді. Оның айтуынша, жаһандық серіктестіктің жаңа түрлерін өзара тиімді диалогқа алмастыру қажет.

Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев «Адамзаттың біртұтас тағдыры қоғамдастығы» тұжырымдамасын және Төраға Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік және Жаһандық даму бастамаларын құптады.