• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Оқиға 24 Маусым, 2022

Алматыда троллейбус өртенді

339 рет
көрсетілді

Алматыда Жандосов пен Алтынсарин көшелерінің қиылысында жолаушылар троллейбусы өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өртеніп жатқан троллейбустың видеосы әлеуметтік желіде тарады.

«АлматыЭлектроТранс» ЖШС-ның мәліметінше, жүргізушіден №12-ші троллейбустың өртенгені туралы хабарлама сағат 14.55-те түскен. «Көліктің төбесі жанды (төменвольтты зарядтау құрылғысы). Жүргізуші өрт сөндірушілер келгенше, өртті өзі сөндіріп үлгерді. Кейін троллейбусты паркке сүйреп әкетті. Зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады компанияда.