25 маусымдағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 522 541 адам, 2 - ші компонентін 9 304 087 адам салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 1 219 269 адам, ІІ-ші дозасын 1 135 889 адам салдырды.
Оның ішінде: І-ші компонентімен 866 266 – жасөспірімдер, 41 111 - жүкті әйелдер, 144 751 - бала емізетін әйелдер. ІІ-ші компанентімен 835 147 жасөспірімдер, 38 003 - жүкті әйелдер. 136 918 - бала емізетін әйелдер вакцина салдырды.
Аяна Тоғанбек