Суға шомылу маусымы басталғаннан бері Алматының су қоймаларында қауіпсіздік ережелерін бұзған 9 азаматқа айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Сайран көлінің батыс жағалауында шомылуға тыйым салынған жерде 25 жастағы екі ер адамға және су қоймасының жанында алкогольді ішімдік ішіп отырған 45 жастағы әйелге айыппұл салынды. Олар ҚР ӘБ туралы Кодексінің 364-бабына сәйкес «ортақ су пайдалану ережелерін бұзу», сондай-ақ 440-бабына «алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйде келу» бойынша әкімшілік жауапқа тартылды», деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Ведомствода нақтылап өткендей, маусым айынан бастап 9 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Қайталап бұзған жағдайда 2 АЕК, яғни, 6 мың теңгеден астам айыппұл салынады.