• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Маусым, 2022

«ҚазТрансГаз Аймаққа» 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды

158 рет
көрсетілді

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 166-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Компанияға инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға пайдаланылмаған соманың 10% мөлшерінде айыппұл салынды. Бұл 5 млн 340 мың 143 теңге.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тауарлық газды бөлшек саудада өткізу саласындағы қоғамдық маңызы бар нарықтың субъектісі бола отырып, шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындауға міндетті. Қоғам тауарлық газды бөлшек саудада өткізу қызметі бойынша 2021 жылға бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындамаған», дейді ҚР ЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі.