• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Маусым, 2022

Қазақстан, Әзербайжан және Түркия көлік-логистика мәселелерін талқылады

188 рет
көрсетілді

Алқалы басқосуға еліміздің тарапынан Сыртқы істер министрі М. Тілеуберді мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қ. Өскенбаев қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жиын әлемдегі геосаяси жағдайға орай логистикалық және сауда байланыстарының өзгеруіне байланысты үшжақты транзиттік-көліктік өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.

Аймақта қалыптасқан ахуал Қазақстан, Әзербайжан және Түркия елдері арасындағы тасымал мен көлік маршруттарына айтарлықтай әсер етіп, бұл тарапта бірқатар кемшіліктерді айқындады.

Ведомство басшыларының басқосуында транспорттық көлік дәліздерін дамыту бойынша нақты ұсыныстар айтылып, мәселелерді оңтайлы шешудің тиімді жолдары ұсынылды.