• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Экономика 27 Маусым, 2022

Валюта нарығындағы ахуал

156 рет
көрсетілді

Қазіргі валюта нарығындағы ахуал жөнінде Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаменті дирек­торының орынбасары Иван Сердюк әңгімелеген еді.

– Ұзақ уақыт бойы ны­ғайып келген теңге бағы­тын кері қарай бұрды. Бұл немен байланысты?

– Мұндай динамикалық құбылысқа себеп болған бас­ты нәрсе – валютаға деген сұ­раныстың артуы және на­рықтағы сатушылардың шек­теулі болуы. Акционерлік қоғамдарда акционерлердің жалпы жиналысы өтті. Біз дивиденд төлеудің басталуына байланысты долларға деген сұранысты көріп отырмыз. Импорттық операция­ларды жүзеге асыру үшін валюта сатып алуға сұраныс әдеттегідей сақталып отыр.

Енді шетелдік валюта ұсы­нысының шектеулігіне кел­сек. Мамыр айының со­ңында экспорттаушылар пай­далы қазбаларды өнді­руге салық төлеу және «үл­кен салық аптасы» аталатын мерзімде экспортқа рен­та салығын төлеу үшін ва­лю­талық түсімді сатты. Мау­сым айында біз сатудың мұнша көлемін байқамадық. Сондықтан банктер бар­лық сатып алушы клиенттерді биржалық сауда-саттыққа жіберді. Оның ішінде қарсы ағындар болмағандықтан, бұл валютаға қосымша сұра­ныс тудырады.

Дегенмен, маусым айын­да орташа күндік сауда-сат­тық көлемі 95 млн долларды құрады, бұл мамыр айымен салыстырғанда 18%-ға аз. Қазіргі уақытта сауда-сат­тықтың жалпы көлемі 1,6 млрд долларға тең. Яғни ва­люта нарығы тұрғысынан эко­номикалық белсенділік айтарлықтай төмен деңгейде қалып отыр.

Жалпы алғанда, теңге ди­на­микасы жалпы әлемдік үрдіске сәйкес келеді. АҚШ МБҚ кірістілігінің өсуі мен АҚШ долларының жаһан­дық деңгейде нығаюы көп­те­­ген дамушы елдердің ва­лю­таларына қысым көр­сет­ті. Маусым айының ба­сы­нан бас­тап дамушы на­рық­тардағы валюталардың ди­­на­­микасы көбіне теріс бол­­ды: Бразилия реалы ­10,7%-ға, түрік лирасы 5,8%-ға ­әл­­сіреді, сол сияқ­ты, Индо­не­зия рупийі мен Мексика песосы және Оңтүс­тік Африка ранды шамамен 2%-ға әлсіре­ді. Ал бұл ретте J.P. Morgan дамушы елде­рінің валюта ин­дексі 2,2%-ға тө­мен­деген еді.

– Рубль жаңа белестерді бағындырып келеді, тең­ге­ге қатысты бағамына кел­сек, 1 рубльдің құны 8 тең­ге­ден жоғары тұрады. Бұ­ған не себеп болып отыр?

– Рубльдің шетел валюталарына, оның ішінде АҚШ долларына қатысты қарқынды түрде нығаюы импорттың айтарлықтай төмендеуімен қатар капитал қозғалысын бақылау үшін енгізілген шаралар аясында орын алып отыр.

Маусым айының басынан бастап рубль долларға қатысты шамамен 15%-ға нығайды. Рубль/теңге баға­мын белгілеуде ең алдымен теңге мен рубльдің долларға қатысты жеке қалай әрекет қылатыны әсер ететінін атап өткім келеді. Рубль әлемдік нарықта долларға қатысты нығайып келеді, сондықтан рубль/теңге бағамының өсуі жалғасуда.

– Сарапшылар теңгенің әлсіреу себебінің бірі – Ұлт­тық банктің кері интервен­ция жүргізуінен болды дейді. Резервті толықтыру үшін биржадан валюта сатып алдыңыздар ма?

– Маусым айының басынан бастап Ұлттық банк алтын-валюта резервтері есе­бінен айырбас бағамына ық­пал ету мақсатында сауда-саттыққа қатысқан жоқ, яғни, интервенция жүргізген жоқ.

Әдеттегідей, маусымда жүр­гізілген валюта нары­ғын­дағы операцияларымыз бойынша ақпаратты, яғни, алтын-валюта активтері бол­сын, Ұлттық қор немесе БЖЗҚ болсын, біз келе­сі айдың бірінші жұмыс күнін­де жариялаймыз.

Сонымен қатар бюджетке трансферттерді жүзеге асы­ру үшін Ұлттық қор атынан шетел валютасы сатылды, маусым айының басынан бері оның көлемі 408 млн дол­ларды құрады.

Сондай-ақ сарапшы­лар­­дың назарын теңгенің құ­был­малы айырбас бағамы мәселесіне аударсақ деймін. Наурыздан бастап теңге бағамының құбылмалылығы 1,2%-ға бағаланып келеді. Салыстырмалы түрде Бра­зилия реалының осы уақыт ішінде құбылмалылығы – 1,2%, Мексика песосы – 0,7%, дамыған нарықтардан: фунт – 0,7%, еуро – 0,6%. Бұл көрсеткіштер еркін өзгермелі бағыттың толыққанды режі­міне бейілділікті көрсетеді. Бұл экономиканың теңге­рім­сіздігін абсорбациялауға және елдің алтын-валюта ак­тивтерін сақтауға мүмкіндік береді.

Валюталар бағамы сырт­қы іргелі факторлардың өз­ге­­рістеріне тікелей сәйкес кел­­­мейді, соңғы күндері кө­ріп отырғанымыздай, ішкі фак­­тор­лар басымырақ ықпал етуде.

Қысқа мерзімді перспек­тивада теңгенің құбыл­ма­лы­лығы геосаяси жағ­дай­­дың өзгеруіне, ішкі қатысу­шы­лардың күтулеріне және әлемдік нарықтардағы ахуал­ға байланысты болады.

 

Дайындаған

Думан АНАШ,

«Egemen Qazaqstan»