Қазақстанның бірінші, әлемнің 38-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Үлкен дулыға» жарысы - Ұлыбритания ашық чемпионатының алғашқы айналымында қазақстандық теннисші әлемнің 59-ракеткасы, мажарстандық Мартон Фучовичпен алаңға шықты.
Нәтижесінде, Александр Бублик 6:1, 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Бір жарым сағатқа созылған матчта қазақстандық спортшы 16 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың тең жартысын пайдалана алды.
Енді қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 64-ракеткасы, сербиялық Душан Лайовичпен күш сынасады.
Айта кетсек, бүгін отандасымыз Михаил Кукушкин де кортқа шығады. Оның қарсыласы - америкалық Дженсон Бруксби.