Парламент Сенатының жалпы отырысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Рашит Ахметов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Конституциялық нормаларға сәйкес, Есеп комитеті мүшесінің өкілеттік мерзімі - 5 жыл. 2017 жылы 29 маусымда Есеп комитетінің мүшесі болып Сенаттан Ахметов Рашит Сайранұлы тағайындалған еді», деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Осы орайда Рашит Сайранұлының аталған қызметтегі өкілеттік мерзімі аяқталып отыр.
Сенат регламентіне сәйкес, Бюроның шешімімен Қаржы және бюджет комитеті өзінің қорытындысын әзірледі. Талқылаудан кейін сенаторлар Рашит Ахметовтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады.