• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Маусым, 2022

Ресми хабар таратудың жаңа форматына көшу керек – Смайылов

303 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Әлихан Смайылов ресми өкілдер хабарды жаңа форматпен тарату керек екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бұқаралық ақпарат құралдарына анықтамалық материалдарды уақытылы ұсыну керек. Тек сонда ғана қоғам қарапайым халыққа арналған игі істердің қалай жасалып жатқанын көре алады. Мемлекеттік органдардың ресми өкілдері, баспасөз хатшылары ресми хабарларды берудің жаңа форматына көшу керек деп санаймын. Кәсіби, құрғақ тілде жазылған пресс релиздерді таратумен ғана шектеліп қалуға болмайды», деді Әлихан Смайылов бүгінгі Үкімет отырысы барысында.

Үкімет басшысы брифингтер мен сайттардан басқа мемлекеттік органның қызметін әлеуметтік желілерде белсенді жариялап, халықтың сұрақтарына тұрақты түрде жауап беру қажеттігін қадап айтты.

«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі осы бағытта барлық мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіріп, оған тұрақты мониторинг жүргізіп отыруы және қолдау көрсету тиіс», деді Премьер-Министр.

Бұл ретте аталған жұмыстарды үйлестір Ералы Тоғжановқа жүктелді.