• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 29 Маусым, 2022

Үлестік құрылыс проблемалары қалай шешіледі?

861 рет
көрсетілді

Тұрғын үй құрылысы – шешілмей жатқан түйіндері шаш етектен келетін сала. Әсіресе үлестік құрылыс дегенде арыз бен шағым қарша борайды. Қазақстанның қай қаласына барсаңыз да құрылысы қаңтарылып қалған тұрғын үй кешендерін тауып алу қиын емес. Былтыр елорда әкімдігі 13 мың үлескердің проблемасын шешті. Биыл жыл соңына дейін 40 құрылыстың проблемасын біржақты етпек. The Steppe мәліметінше, Алматыда 24 нысан құрылысы ұзаққа созылуы тұрғысынан өзіндік рекордтан үміткер.

Алматы қаласындағы Медеу ауданында – 7, Ал­ма­лыда – 6, Бостандық пен Ала­тауда – 3, Әуезовте – 2, Жеті­су, Наурызбай, Түрксіб аудан­дарында 1 құрылыс нысаны әлі аяқталмай тұр. Құрылысқа кедергі келтірген факторлар ішінде қаржы жетіспеушілігі мен сот процесі жиі айтылады.

«Биыл бес айдың қор­ытын­дысы бо­йынша Қазақ­стан­да сапасыз құрылыс саласында – 2, сараптамалық немесе инжинирингтік жұмыстарды тиісінше орындамау саласында – 2, сәулет, қала құрылы­сы және құрылыс қызметі нормативтерінің ережелерін немесе талаптарын бұзу саласында 4 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Сондай-ақ тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу саласында 71 жағдай тіркелді. Соңғы бап бойынша бұзушылықтар саны жылына 7 еседен астам өсті», дейді Ranking сарапшылары.

Индустрия және инфра­құрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, 2022 жылдың бірінші тоқсанында құрылыс нысандарында жалпы сомасы 169 млн теңгені құрайтын 615 әкімшілік құқық бұзушылық есепке алыныпты. Профилді комитет 32 тексеріс жүргізіп, 26 ұйғарым жасалған. 18 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.

«Жалпы алғанда үлестік құрылыс проблемалары шеші­ліп жатыр. Мысалы, «Қазақ­стан Тұрғын үй компаниясы» АҚ «Казреестр» бірыңғай ақпараттық жүйесін дамыту жұмыстарын жүргізуде. «Казреестр» – тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу келісімшарттарын тіркейтін ақпараттық жүйе. Аталған жүйе келісімшарттарды тіркеу ту­ралы анықтама беруге кете­тін уақытты үнемдейді. «Каз­реес­тр­ді» дамыту аясында биыл келісімшарттарды тір­кеу уақытын тағы бірнеше сағат­қа қысқарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ құры­лыс ком­панияларының жеке кабинетін құру да маңызды қадам саналады», деп жазады Ranking.

Үлестік тұрғын үй құры­лысы нарығын жетілдіру және үлескерлер қаражатының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қосымша шаралар қабылдау бойынша мынадай ұсыныстар беріліп отыр.

Біріншіден, «Тұрғын үй құрылысында үлестік қатысу туралы» Заңын бұзғаны үшін жазаны күшейту. Үлес­керден ақшаны заңсыз жолмен алып, қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны үшін жауапты тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту. Екін­шіден, «Қазақстан Тұр­ғын үй ком­паниясы» АҚ кепіл­дігін алу арқылы үлес­тік құры­лыс жүр­гізіп жат­қан құры­лыс салу­шы­ны рей­тинг­тік баға­лау жү­йе­сін енгізу қа­расты­ры­лып отыр. Аталған механизм бо­йын­ша, қаржылық ор­нық­ты ком­­п­а­ниялар үшін әдет­тегі кепіл­ден­діру меха­низмі сақта­ла­ды, ал рей­тин­гі төмен ком­па­ния­лар­ға ха­лық қаржы­сы уәкі­летті мем­ле­кеттік орган арқылы беріледі.

Қай кезде де, жауапкер­шілікті күшейтуге сеп болатын фактор – қатал талап пен қатаң жаза. Жауапкершіліктен жалтарған құрылыс компания­сы сонда ғана ығады. Үлестік құрылыс саласын ашық етуге бағытталған шаралар жемісін береді, үлескерлер проблемасы шешіледі деп үміттенеміз.