• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Маусым, 2022

Қаржыны елге қайтару қалай жүргізіледі?

339 рет
көрсетілді

Бас прокуратурада экономика­лық ресурстарды заңсыз шоғыр­ландыруға және заңсыз алынған мүліктерді қайтаруға қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бас Прокурор Берік Асыловтың төр­­ағалық етуімен экономикалық ре­сурс­тарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Отырысты ашқан Бас прокурор іс-шараға қатысушылардың наза­­рын Мемлекет басшысы қойған негіз­гі міндеттерге аударды. Бұл – заң­сыз шы­ғарылған қаражатты елге қай­тару бо­йынша жүйелі шараларды әзір­леу және іске асыру, сондай-ақ эконо­ми­ка­лық ресурстардың монополиялық (оли­гополиялық) шоғырлануын анықтау.

Оларды іске асыру отандық экономиканы сауықтыруға, кірістерді әділ бөлуге және азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға мультипликативтік әсер етуге тиіс.

Отырыста комиссия төрағасының орынбасары – Бас прокурордың орынбасары Ұлан Байжанов, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бірінші басшылары баяндама жасады.

Жиында капиталды елден заңсыз шығаруды болдырмау және құқыққа қарсы жолмен алынған ресурстарды қолында шоғырландырған санаулы адамдар шеңберінің заңсыз баюы үшін жағдайларды жою алғашқы кезектегі шаралардың бірі деп танылды. Сондай-ақ халықаралық тәжірибені ескере отырып, олигополия субъектілерінің активтерді мемлекетке қайтару мүм­кіндігі туралы ұсыныс қаралды.

Бұл ретте, Б.Асылов комиссия­ның жұмысы адал кәсіпкерлер үшін бө­гет болмауы қажет екендігін атап өтті. «Барлық шешімдер тексеріліп, мұқият пысықталған соң ғана қабылдануы керек», деді ол.

Отырыс қорытындысы бойынша комиссия жұмысының басым бағыт­та­ры айқындалды.

Естеріңізге сала кетейік, эконо­ми­­­ка­лық ресурстарды заңсыз шоғыр­лан­дыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия Президент Жарлығымен биыл 5 мау­сымда құрылған болатын. Оның құ­рамына құқық қорғау, арнаулы және бір­қатар орталық атқарушы органның, Ұлттық банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның бірін­ші басшылары кіреді.