Қазпоштада «Мемлекет саясаты» сериясынан «Қайырымдылық» тақырыбында пошта маркасы айналымға енгізілді. Пошта маркасының номиналы – «С» литері (380) теңге. Бұл Қазақстан Республикасының жерүсті көлігімен салмағы 50 грамға дейінгі тапсырыс хатты жіберу тарифіне сәйкес келеді.
Пошта маркасы 9 мың данамен шығарылған. Офсеттік баспа, 4 бояуда, перфорациялық. Пішіні – 6 маркадан тұратын парақ. Өлшемі – 18х40 мм. Ультракүлгін бояуынан қорғаныс элементі бар. Пошта маркасының нобайын Президенттік бағдарламаларды қолдау қоры ұсынып, әзірлеген.
Марка ел аумағындағы пошта айналымына ғана жоспарланған.