Ашхабадта Каспий маңы мемлекеттерінің алтыншы саммиті басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Каспий саммитіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Ресей, Иран, Түрікменстан, Әзербайжан елдерінің басшылары қатысып жатыр.
Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан Президенті Каспий маңы мемлекеттері басшыларының алтыншы саммитіне қатысу үшін Ашхабад қаласына жұмыс сапарымен келді.