• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Президент 29 Маусым, 2022

Президент Каспий маңындағы елдердің азық-түлік хабын құруды ұсынды

232 рет
көрсетілді

Өткен жылы Қазақстанның Каспий маңы елдерімен өзара сауда-саттық көлемі шамамен 3,4 миллиард долларды құрады, оның 70%-ы Ресеймен құрлықтағы бағытқа тиесілі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадта өтіп жатқан Каспий саммитінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан ет және сүт өнімдерінің экспортын арттыру үшін үлкен әлеуетке ие. Мемлекеттеріміздің сауда-саттық өзара іс-қимылын нығайту үшін қазіргі заманғы логистикалық инфрақұрылымды дәйекті түрде дамыту қажет. Сондықтан біз Каспий маңы азық-түлік хабын құруды ұсынамыз. Ол өзара тауар айналымын ең аз шығынмен өсіруге мүмкіндік береді», деді Президент.

Осыған орай Қазақстанда азық-түлік тауарларын қоймалау, сақтау және сатудың технологиялық дамыған жүйесі бар заманауи көтерме-тарату орталықтарының құрылысы басталды.

«Бұл орталықтардың Каспий маңы азық-түлік хабымен жүйелі интеграциясы фермерлерді, сатып алушыларды, тасымалдаушыларды, сатушылар мен тұтынушыларды тиімді кооперациялау үшін жаңа мүмкіндіктер ашуы мүмкін және ең бастысы - барлық жеткізілетін өнімді өткізудің сенімді кепілдіктерін қамтамасыз етеді», деп қосты Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар