• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Маусым, 2022

Қазақстанда жетім балаларға қамқоршы тағайындау рәсімі жеңілдейді

370 рет
көрсетілді

ҚР БҒМ отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызмет көрсету ережелеріне өзгерістер дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, егер кәмелетке толмаған балаға туыстарының немесе өгей әкесінің, өгей шешесінің арасынан дереу қорғаншы немесе қамқоршы тағайындау қажет болса, онда қорғаншы немесе қамқоршы органдар баланы психологиялық даярлықтан өткен сәттен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде психологиялық даярлықтан өтпей-ақ қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілей алатындығы туралы норма көзделген.

Тағайындалған қамқоршылар бір жыл ішінде білім басқармасына психологиялық дайындықтан өткені туралы сертификат беруі керек.

Өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен egov.kz электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы жүзеге асады.

Мемлекеттік қызмет 19 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

Құжат 15 шілдеге дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

Соңғы жаңалықтар