• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 30 Маусым, 2022

«Оператор РОП-тың» бұрынғы құрылтайшысына іздеу жарияланды

395 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «ӨКМ Операторы» ЖШС басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде ақша жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруда, деп жазады Egemen.kz.

Қылмыстық іс аясында 2017-2018 жылдар аралығында Экологиялық кодекстің талаптарын бұза отырып, оған 920 миллион теңге мөлшерінде дивиденд түрінде заңсыз төленген кәдеге жарату алымының ақшалай қаражатын иеленген «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Мұхтарова Шынар Оралғазынқызы күдікке ілінді.

«Шынар Мұхтароваға іздеу жарияланды және оған қатысты сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», делінген хабарламада.

Сондай-ақ агенттік здестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпарат берген адамға 4 000 айлық есептік көрсеткішке дейін сыйақы берілетінін айтты.

Соңғы жаңалықтар