Шымкентте мүгедек балаларға арналған алаңдар құрылысына бағытталған қаржыны ұрлады деген күдікпен ұйым басшысы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
«Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті «Қамқор» жедел-алдын алу іс-шаралары нәтижесінде ЖШС директорына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол 2019 жылы мүгедек балаларға арналған алаңдар құрылысының орындалған жұмыстар актілеріне жалған мәліметтер енгізу арқылы 3 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді», делінген ҚР ҚМА хабарламасында.
Қазір аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.