• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 30 Маусым, 2022

Экоминистрліктің кадр саясаты қалай жүруде?

653 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауында мемлекеттік басқаруға, кадр саясатына, шешімдер қабылдау жүйесіне және олардың орындалуына жауапкершілікті өзгерту бойынша нақты міндет қойды.

 2021 жылдың 26 ақпанындағы № 522 Жарлығымен бекітілген «адамдар – ең алдымен адамдар» моделін құру тұжырымдамасын бағыт-бағдар ретінде айқындады.

Осы тұжырымдамаға сәйкес бүгінгі күні бүкіл әлем турбуленттілік, өсіп келе жатқан құбылмалылық, әлеуметтік, экономикалық және саяси дамудың белгісіздігі дәуіріне аяқ басты.

Дамыған елдерде ауқымды сын-қатерлерді еңсеру барысында мемлекетке деген қоғамдық сенім, оның өзгерістерге дайындығы мәселесі ерекше маңызға ие болуда. Неғұрлым тиімді мемлекеттік басқаруға, азаматтардың басқарушылық шешімдер қабылдауға қатысуына қоғам талабына көшуде.

Бұл ретте, мемлекет пен қоғамның талабына жауап беру үшін Министрліктің персоналды басқару қызметіне үлкен міндеттер жүктеледі.

Персоналды басқару қызметі өз құзыреті шегінде еліміздің мемлекеттік қызмет туралы заңына сәйкес мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын орындауы жөніндегі қызметін үйлестіреді.

Бұдан бөлек, тәртіптік, конкурстық және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастырады. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізу, конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бабында ілгерілету, қызметтік тергеп-тексеру, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметтен шығару рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, кадрларды іріктеу ұйымдастырып, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдейді, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқорда (ақпараттық жүйеде) есепке алуды жүзеге асырады. Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етуде. Мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өтуін, тәлім алуын, жұмысын бағалауды, оларды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды белгіленген мерзімдерге сәйкес ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлейді.

Персоналды басқару қызметі мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен ұйымдық жағынан дербес болады, аппарат басшысына тікелей бағынады.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінің отырысында берген тапсырмасына сәйкес, қазіргі таңдағы мемлекеттік қызметшілер санының оңтайлы болуына байланысты Министрліктің құрылымы және штат санына қысқарту жұмыстары тоқтату мақсатында, Премьер-Министрдің тапсырмасын орындау мақсатында мемлекеттік аппаратта штат санын оңтайландыру және еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу бойынша жол картасының 9-тармағына сәйкес, Министрлік 2021 жылы мемлекеттік қызметшілердің санын 15%-ға қысқарту жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде штат саны 248 бірлікке қысқартылды.

Бұдан бөлек, Президенттің «Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің штат санының лимиттерін оңтайландырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 28 шілдедегі № 633 Жарлығына сәйкес квазимемлекеттік секторды қысқарту тапсырылған.

Аталған Жарлықты орындау мақсатында, 2021 жылы қызметкерлер 15 % қысқартылды. Ағымдағы жылы әкімшілік-басқару персоналын (бұдан әрі - ӘБП) 10 % қысқарту жоспарланып отыр.

Жалпы, мемлекеттік қызметтегі қосалқы қызметтерді орталықтандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, персоналмен жұмыс қызметін Министрліктің деңгейінде, ал Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі, Су ресурстары, Балық шаруашылығы комитеттерінде қаржы қызметтері комитет деңгейінде орталықтандырылды.

Нәтижесіне сүйенсек, қосалқы қызметтерді орталықтандыру нәтижесінде 28 лауазым қысқартылды.

Осыған орай, ведомстволар мен оның аумақтық бөлімшелерінде персоналды басқару қызметтері қарастырылмаған.

Жалпы Министрлікте, ведомстволарда және оларға қарасты облыстарда, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында оранласқан 52 құрылымдық бөлімшелері бар.   

Бұл ретте, Министрліктің штаттық саны 1411 бірлікті құрайды, штатпен қамтамасыз етілуі – 93,5%, ауысымдылығы 3,6% құрап, «таза ауысымдылық» 2,9% құрайды. Қызметкерлердің жұмыстан босатылуының негізгі себептерінің бірі жеке секторға кету.

Министрліктегі бос лауазымдарға 78 рет конкурстар өткізіліп, оған қатысқан 235 үміткерден 130 адам қабылданды, оның ішінде мансаптық өсу бойынша меритократия принципімен 36 адам басшылық лауазымдарға тағайындалды.

Бүгінгі күні жаңа үш облыстың құрылуына байланысты Министрліктің аумақтық бөлімшелерін құруға арналған қажетті штат сандары бойынша Ұлттық экономика министрлігімен жұмыстар жүргізіліп, қосымша 75 бірлік бойынша, Министрлік, Үкіметтің бекіткен Жоспарына сәйкес өз Алгоритмінің бекітіп, тиісті жұмыстарды жүргізуде.

Сонымен қатар, 2020-2021 жылдарда меритократия принципі бойынша 188 қызметкер, оның ішінде: 2020 жылы – 105 қызметкер, 2021 жылы – 83 қызметкер мансабында жоғарыланғанын атап өту қажет.

Меритократия принципі Министрлікке өз кадрларды даярлауға мүмкіндік береді. Президент Жолдауында атап өтілгендей, жұмысқа қабылдау меритократия принципі негізігі құраушы күші болуы керек.

Сонымен қатар, жаңадан мемлекеттік қызметке орналасқан және басшылық лауазымдарға тағайындалған қызметшілер біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан өтуге міндеттеледі.

Жалпы Министрлікте 9 қызметші «Болашақ» бағдарламасының және 21 қызметші Мемлекеттік басқару академиясының түлектерін құрайды (2,3%).

Мемлекеттік басқару жүйесіне жастар кадрларын ұсыну, жауапты, басшылық лауазымдарға резервшілерді орналастыру бойынша Мемлекет басшысының  тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Министрліктің басшылық лауазымдарына резервтен 4 адам қабылданды.  

Сонымен қатар, Министрлікпен осы бағытта жұмыс одан әрі жалғастырылатынын және ағымдағы жылдың шілде айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен жіберілген кестеге сәйкес резервшілерімен кездесу жоспарланып отырғанын хабарлаймыз.

Мемлекеттік қызмет аясындағы заңнаманың талаптары негізінде «Б» корпусы мемлекеттік қызметкерлерінің ротациясы жүзеге асырылады.

2021 жылы Министрліктің 8 аумақтық бөлімше басшыларының ротациясы бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Биылғы жылы Министрліктің орталық аппаратының департамент басшылары, ведомство басшыларының орынбасарлары мен аумақтық бөлімше басшылары бойынша 20 қызметшілердің ротациясы жоспарланған. 

Ротация мемлекеттік қызметті өткеру барысында кәсіби әлеуетті тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және басқарушылық құзыреттілігін арттыру мақсатында өткізіледі.   

Негізі ротация жүргізудің негізгі мақсаты: мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, облыстарды, республикалық маңызы бар қалаларды, астананы, облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалаларды, облыстық маңызы бар қалаларды, облыстардың аудандары мен қалалардағы аудандарды дамыту; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы; мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әлеуетін және басқару тәжірибесін тиімді пайдалану және мемлекеттік қызметшілерді кәсіби дамыту және олардың басқару құзыреттерін жетілдіру болып табылады.

Сонымен қатар, персоналды басқару қызметі күнделікті еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметкерлердің ғимаратқа кіріп-шығуын арнайы жүйе арқылы бақылап отырады. Жұмыс уақытынан тыс жұмыс атқару деректері бойынша мониторинг жүргізеді.

Осы орайда кадр қызметі саласындағы күрделі мәселелердің бірі орындаушылық тәртіптің сақталмағандығы үшін тергеп-тексерулер жүргізіп, тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныстар енгізеді.  

Биыл Министрліктің, ведомстволардың оның құрылымдық бөлімшелері қызметшілерінің құқыққа қарсы әрекеттеріне байланысты 363 құжат түсті. Оның 49 бойынша қызметтік тергеп-тексерулер жүргізілместен олардың келісімдері бойынша тәртіптік жазаға тартылды, оның ішінде басшылық лауазымдағылар саны 12, басқа лауазымдарда 37 қызметші тәртіптік жазаға тартылды. Жауапкершілік түрлері бойынша: ескерту – 32, сөгіс -14, қатаң сөгіс -3.

Ал, тиісті қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген құажттар негізінде 58 қызметшіге тәртіптік жаза қолданылды.  Жауапкершілік түрлері бойынша: ескерту –32, сөгіс -15, қатаң сөгіс -5, қызметке толық сәйкес келмеуі – 6. Оның ішінде 4 қызметкер Әдеп нормаларын бұзғандығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды (ескерту –1, сөгіс -1, қатаң сөгіс -2). 223 қызметкерге тәртіптік жаза қолданбау туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, әлем назарын өзіне аударған қауіпті және өзекті мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық болса, сол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша заң қабылданып, жүзеге асырылуда.

Мінез-құлық стандарттары жаңа сапалы деңгейге көтеріліп келе жатқанын атап өту керек, мемлекеттік қызметшілерден жоғары жауапкершілікті және мінез-құлықты өздігінен бақылауды талап етеді, бұл тұтастай алғанда мемлекеттік қызметтің имиджіне оң әсер етеді.

Министрлік қызметкерлерінің этикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тұрақты негізде және мемлекеттік қызметте әдептілікті арттыру жөніндегі жұмыс жоспары шеңберінде атқарылуда. Заңды құрметтеу-бұл мемлекеттік қызмет қызметкерлерінің моральдық санасының маңызды қағидасы, оны орындау тек қызметтік міндет қана емес, сонымен бірге моральдық парыз.

Мекемеміздің қызметкерлерінің этикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тұрақты негізде және мемлекеттік қызметте әдептілікті арттыру жөніндегі жұмыс жоспары шеңберінде жалғастырылатын болады.

«Жасыл ведомстваның» алдында қойылған мақсаттарды орындау үшін кәсіби мамандармен қамтамасыз етуге Министрліктің кадр қызметінде барлық мүмкіндектер бар. Сонымен бірге, мемлекеттік органның жұмыс тиімділігін арттыру бойынша барлық қажетті шаралар қабылданып отыр.

Бүгінгі күні:

кадр саясаты - Министрліктің даму бағыты, қабылдаған шешімдері, мақсаттары және принциптері және одан туындайтын норрмалары мен өлшемдері жүйесі.

Кадрлық стратегия – персоналмен жұмыс істеудің негізгі принциптерінің, ережелерінің және мақсаттарының жиынтығы.

Кадрлық саясаттың мақсаты – қажетті сапаны оңтайландыру, сақтау және дамыту, яғни кадр қызметі жүзеге асыратын негізгі принциптердің жиынтығы, персоналмен жұмыс істеудегі негізгі бағыт бағдары.

Осы тұрғыда персоналды басқару қызметінің басты ролі Министрлік және оның қызметшілерінің мақсаттары мен басымдықтарын біріктіруге ықпал ететін мақсатты мәселесі.

Кадр саясатының негізгі объектісі – сапалы және білікті кадрлар болып табылады. Персоналды басқару қызметі әрбір мемлекеттік мекеменің қозғаушы күші және негізгі құрамы.

Кадр саясатын жақсарту мақсатында, басты бағыттарымыздың бірі – мансаптық өсу бойынша меритократияны ұлғайту, таза ауысымдылық көрсеткішін төмендету және оны оңтайландыру.  Министрлікті білікті мамандармен толықтыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы нольдік төзімділікті ұстану бұл біздің басым бағытымыз.

 

Асқар ЕСТІБАЕВ,

ҚР ЭГТРМ Кадр жұмысы

департаментінің директоры