• RUB:
    5.01
  • USD:
    523.58
  • EUR:
    549.71
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Маусым, 2022

Ақшоқыда арқар атқан...

248 рет
көрсетілді

Аягөз ауданында ер адам 13 миллион теңгенің жан­уарларын заңсыз атқан.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясы бөлімі қоршаған ортаны, жа­нуарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақы­лауды жүзеге асыратын уәкі­летті мемлекеттік органдармен бірлесіп, браконьерлік факті­лерінің жолын кесу бойынша тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар жүргізеді.

Аталған полиция бөлімінің қызметкерлері жыл басынан бері жабайы аңдарды заңсыз аулаудың 11 фактісін анықтады. Бұл Қылмыстық кодекстің

337-бабы, яғни «Заңсыз аң аулау» ісі бойынша қаралады.

Мысалы, Аягөз ауданы Тар­бағатай ауылдық округінің аума­ғында табиғат қорғау поли­циясының қызметкерлері «Охот­зопром» инспекторларымен бір­лесіп, рейдтік іс-шара­лар өт­кізген кезде арқар мен кү­зен­дерді заңсыз аулаған Аққожа ауы­лының 38 жастағы тұрғыны ұсталды.

Қаскүнем Ақшоқы ауылының шетінде тегіс ұңғылы тіркелмеген 28 калибрлі қарумен «олжасын» атып өлтірген. Қор­шаған ортаға келтірілген залал 13 миллион теңгеден асты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 337-бабы 4-бөлігімен (жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ ірі залал келтіре отырып пайдалануға ты­йы­м салу енгізілген жануарларға қатысты заңсыз аң аулау санкциясында 6 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 3-тен 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу көзделген; мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 7 жылға дейінгі мер­зімге айыра отырып, сол мер­зімге бас бостандығынан айыруға жазаланады) қылмыс­тық іс қозғалды.

 

Абай облысы