• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 01 Шілде, 2022

«Сары» аймаққа кірген жағдайда карантин күшейтіледі

265 рет
көрсетілді

Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Комиссия жұмысына орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыс әкімдері мен «Атамекен» ҰКП қызметкерлері қатысты.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елімізде маусым айының ортасынан бастап коронавирус инфекциясын жұқтырғанындар санының артқанын атап өтті.

Өткен аптамен салыстарғанда вирус жұқтыру жағдайлары 2,9 есе артқан, науқастардың 80%-на жуығы – індетке қарсы екпе алмағандар және соңғы екпеден кейін 6 ай өтіп кеткен адамдар.

Елдегі COVID-19 көрсеткіштерінің артуын ескере отырып, Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өңірлер эпидемиологиялық қауіп-қатердің сары аймағына көшкен жағдайда төмендегі қосымша шараларды қабылдау керектігі туралы шешім қабылдады:

Науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандарды қашықтан жұмыс істеу форматына көшіру;

COVID-19-ға қарсы екпе салдыруға болмайтын қызметкерлер мен жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру;

Жабық жерлер мен қоғамдық көлікте міндетті түрде маска тағу;

10-нан астам адам қатысатын жиналыстарды онлайн форматта өткізуді ұсыну.

Сондай-ақ аймақтың эпидемиологиялық ахуалына қарамастан, әуеде, ТЖ көліктері мен халықаралық автобустарда маска тағу ұсынылады.

Отырыс соңында Ералы Тоғжанов облыс әкімдеріне коронавирус инфекциясына қарсы егу науқанын күшейтуді, сырқаттанғандар көбейген жағдайда кадрлармен, дәрі-дәрмек қоры және төсек орындарымен қамтамасыз етуді ерекше бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ халық арасында сапалы түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін ескертті.