Ақтөбе облысында есірткімен ұсталып, 10 жылға түрмеге қамалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі 1, 3, 5 тармақшаларында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылған Ақтөбе қаласының 20 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.
Күдіктіден 19 грамнан астам психотроптық зат тәркіленіп, полиция қызметкерлеріне ішінде психотроптық заттары бар 11 пакетті өз еркімен тапсырған.
Сот отырысында сотталушы кінәсін мойындамай, жауап беруден бас тартты. Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу барысында берген айғақтарынан бас тартты.
Алайда қылмыс жасағаны полиция жинаған бұлтартпайтын дәлелдермен расталды.
«Үкім заңды күшіне енді. Оған 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Өткен жылы және осы жылдың өткен кезеңінде психотроптық заттарды кепілге салушыларға қатысты барлығы 15 қылмыстық іс сотқа жолданды, тоғыз іс бойынша үкім шығарылды. Онда сотталғандардың әрқайсысы 10 жылдан астам бас бостандығынан айырылды», деді Ақтөбе облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұрлан Таушанбаев.
Аяна Тоғанбек