• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Оқиға 01 Шілде, 2022

Өскеменде алаяқ тұрғындардың 17,5 млн теңгесін алдап алған

171 рет
көрсетілді

Өскемен қаласының тұрғындарына ипотека рәсімдеуге көмектесемін деп алдап, 17,5 млн теңге пайда көрген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, алаяқ Өскемен тұрғындарына ипотека рәсімдеуге көмектесетіндігін айтып сендірген. 5 адамды тұзаққа түсірген ол 17,5 млн теңге пайда көрген.

«Катонқарағай ауданының 25 жастағы тұрғыны қылмыстық әрекетінің әр қадамын ойластырып алған. Алдымен азаматтардың сеніміне кіріп, содан кейін алдын ала төлем жасауды сұраған. Ақшаны алғаннан кейін жәбірленушілердің телефон нөмірлерін бұғаттап тастап отырды», делінген ақпаратта.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде күдікті ұсталды. Тергеу барысында тәртіп сақшылары оның жылжымайтын мүлік саласына ешқандай қатысы жоқ екенін анықтады.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ ұсталған адамның басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.