• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Шілде, 2022

Екібастұзда полиция қызметкерлері алаяқтарды құрықтады

163 рет
көрсетілді

Екібастұзда өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырған үш алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Олар көшеде өтіп бара жатқан адамдарға жақындап, өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырып, құжаттарын сұраған. Содан кейін, ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, олар банктердің қосымшаларында сәйкестендіру жүргізіп, азаматтардың атына тауарлық және қолма-қол несие рәсімдеген.

«Қазіргі уақытта күдіктілердің Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында сегіз фактіге қатысы бар екені анықталды», деді Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр.

Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша және Қазақстан Республикасы ҚК-нің 390-бабы, 2-бөлігі «Осы негізде қылмыс жасаумен ұштасқан, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын билік өкілі немесе лауазымды адам атағын өз бетінше беру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ұсталғандардың бірі бұрын тонау үшін сотталғаны анықталды.

Соңғы жаңалықтар