• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Шілде, 2022

Елордада жыл басынан бері 430 жүргізуші жол ережелерін бұзған

321 рет
көрсетілді

Елорда жолдарында қозғалыс ережелерін бұзған 430 жүргізуші көлікке алкогольдік ішімдік ішіп отырған,деп хабарлайды Egemen.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Елордада жыл басынан бері 40 мыңға жуық ЖҚЕ бұзушылық анықталды, оның ішінде 430 жүргізуші мас күйінде болған. Коммуналдық тұраққа 1 332 автокөлік орналастырылды. Мас күйінде басқару құқығынан айырылған көлік құралын жүргізгені үшін ҚР ҚК 346-бабы бойынша 44 жүргізуші жауапкершілікке тартылды», делінген департамент ақпаратында.

Анықталғандай, жол қозғалысы ережелерін бұзғандар арасында көлік жүргізу құқығынан айырылғандар да жоқ емес.

«30 маусым күні сағат 4:20-да Нұр-Сұлтан қаласы ПД мамандандырылған патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Қонаев көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылының қиылысында «Nissan Almera» маркалы автокөлігін тоқтатты. 23 жастағы жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде алкогольдің иісі шыққан. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаңдық анықталды. Жүргізушінің осы жылғы мамырда автокөлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ҚК 346-бабы «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», делінген хабарламада.

Тәртіп бұзушы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал оның автокөлігі коммуналдық тұраққа қойылған.