• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Шілде, 2022

Айбек Дадебаев «Оқжетпес-Бурабай» кешенінің қызметкерлерімен кездесті

358 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысы Айбек Дадебаев Медициналық орталықтың ведомстволық қарасты «Оқ-Жетпес Бурабай» емдеу-сауықтыру кешенінің қызметкерлерінің жұмысымен және еңбек жағдайымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінде емдеу-сауықтыру кешенінде 264 адам қызмет етуде. Кездесуде кешен қызметкерлері Басқарушыға сұрақтарын қойып, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісіп, жауап алды.

Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап дәрігелер жалақысы 60%-ға, медбикелер 40%-ға, басқа қызметкерлер айлығы 20%-ға өсті. 2022 жылғы бірінші тоқсанда орташа жалақы 288 мың теңгені құрады.

Емдеу-сауықтыру кешені 1964 жылы үш қабатты бір ғана ғимараттан басталып, бүгінде үздік шипажайлар тізімінде көш бастап келеді. Қазіргі уақытта «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені жыл бойы қызмет көрсетеді және демалушыларға арналған 173 нөмірлік қоры бар, жыл бойына қызмет көрсететін емдеу орны болып табылады. Біріктірілген желінің әртүрлі санаттағы 367 бөлмесі бар. Медициналық ғимараттар білікті кадрлармен және жаңа медицина жабдықтарымен жабдықталған. Жылына 10 мыңға жуық адам келіп ем қабылдауда.

Аяна Тоғанбек