Оқиға Қаратау ауданы, Қайнарбұлақ ауыл округі, Шанин көшесі бойында орналасқан бассейнде болған. Қас қағым сәтте бала қараусыз қалып, абайсызда суға құлап, батып кеткен. Қазір аталған жайт бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.
«Шымкент қаласы ТЖД мамандары жағажайлар мен бассейндердегі сақтық шараларын қатаң сақтауды және балаларды ересек адамның қарауынсыз қалдырмауды ескертеді», делінген хабарламада.