• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 05 Шілде, 2022

ТЖД-ның лауазымды қызметкері пара алу бойынша күдікке ілінді

183 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтандағы Қ.Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионды апатты жағдайда деп тану үшін 5 млн теңге пара алу фактісі бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Антикорға сілтеме жасап.

«Антикоррупциялық қызметі Қ.Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионды объектіні апаттық жағдайда деп тануға жәрдем көрсеткені үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басқарма басшысына қатысты компания директорынан 5 миллион теңге сомасында пара алу фактісі бойынша тергеп-тексеру амалдарын бастады», делінген хабарламада.

Тергеу жалғасуда. Күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, қорытынды шешімді сот қабылдайды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.