• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Шілде, 2022

«ҚазТрансГазАймақ»-тың Шымкенттегі филиалына 18,37 млн теңге айыппұл салынды

188 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Шымкент өндірістік филиалына қатысты тексеру қорытындысы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 164-бабы 4-бөлігімен 4 хаттама толтырылды.

«Хаттамалар табиғи монополиялар туралы заңнамада белгіленген міндеттерді орындамағаны үшін толтырылды. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Шымкент өндірістік филиалы берілген техникалық шарттарға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталғаны туралы ақпарат алып, заңнамада белгіленген мерзімдерде реттеліп көрсетілетін қызметке қосуды жүзеге асырмады. Бұл – «Табиғи монополиялар туралы» Заңның 24 және 26-баптарын өрескел бұзу», делінген ведомство ақпаратында.

Әкімшілік істерді Шымкент қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.

Сот шешімімен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Шымкент өндірістік филиалына 18 378 000 теңге айыппұл салынды.