Алматыда коронавирус жұқтырған 69 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Өткен тәулікте 199 алматылық коронавирус жұқтырған.
Оның ішінде 182 науқаста індет белгілері бар, 17 науқастың ауруы симптомсыз өтіп жатыр.
«Инфекциялық стационарларда 69 адам жатыр. Барлық емделіп шыққандар – 48, келіп түскені – 10. Жіті респираторлық вирустық инфекциямен (ЖРВИ) – 1 пациент», деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.