• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 07 Шілде, 2022

Семейде 3 жасар бала сегізінші қабаттан құлап кетті

142 рет
көрсетілді

Семей қаласында 3 жасар бала сегізінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 6 шілде күні сағат 13.00 шамасында Сорокин көшесінде болған.

3 жасар бала көпқабатты тұрғын үйдің сегізінші қабатында орналасқан пәтердегі ашық терезеден құлап кетті. Сол бөлмеде болған анасы кіші баласын тамақтандырып отырған. Оның айтуынша, ұлы терезе үстінде ойнап тұрған. Қазір сәби ауруханада жатыр. Жағдайы ауыр.

«Көп жағдайда балалардың терезеден құлау себептері - терезе ашық үйде қараусыз қалу, терезеде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы темір тордың және өзге де құрылғылардың болмауы, үстелдің, орындық пен диванның терезеге жақын тұруы. Сондай-ақ қорғаныш болып көрінетін москит торлары да үлкен қауіп төндіреді», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Аяна Тоғанбек