• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Білім 08 Шілде, 2022

Оқу жылының мерзімін ұзартуды ұсынды

575 рет
көрсетілді

Сарапшылар мен кейбір мектептердің өкілдері оқу жылын маусым айының соңына дейін ұзартуды ұсынып отыр. Бұл туралы 2022-2023 оқу жылындағы білім процесін ұйымдастыру мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде айтылды.

Оқу жылын ұзартуды ұсы­­нып отырған педагог­тер қосымша төрт апта бі­лім алушылардың күнделікті оқу жүктемесін азайтуға кө­мек­тесетінін алға тартады. Сонымен қа­тар оқу жы­лын ұзарту «күр­делі» тақы­рып­тарды аз уақыт­та игерту мәселесін ше­шеді. Сондай-ақ жазғы дема­лы­стың ұзақты­ғын қысқарту білім алушылар­дың алған білімін жоғалтпауы­на сеп­тігін тигізеді.

BINOM SCHOOL мек­тебінің басқарушы директоры Арайлым Мағзұмова: «Біздің ел оқу жылындағы апта саны (34 оқу апта­сы) ең қысқа мемле­кеттердің бірі. Респуб­ликамыздың білім алушылары жылына 130 күннен астам уақыт демалады бұл әлемдегі ең ұзақ демалыс десек болады. Салыстыратын болсақ: мысалы, Израильде демалыс ұзақтығы 84 күн, Оңтүстік Кореяда – 90 күн, Жапония­да – 102 күн. Зерттеулер нә­тижесі көрсеткендей, балалар ұзақ үзілістен кейін игерген материалдың 25%-ын­ ұмытатынын көрсетіп отыр. Сондықтан біз қазақ­стандық мектептердегі оқу жылын 38 аптаға дейін, яғни оқу жылын 15 тамызда бас­тап, 5 маусымда аяқтауды ұсынамыз. Немесе қыркүйек айында әдеттегідей басталса, онда 20 маусымға дейін ұзарту керек», деді.

«Әділет» республика­лық орта және мектепке дейін­гі білім беру қауымдастығы­­ның төрағасы Динара Құдай­құлова да өз сөзінде оқу жылын ұзарту үшін оңтайлы деп санайтын мер­зімдерді атап өтті: «20-25 та­мыздан бастап балалар шығуы керек, шын мәнінде екі апта бойы балалар оқу процесіне толығымен кіре алмайды деп санаймыз. 20-25 тамыздан 5 маусымға дейін кем дегенде ұзартылуы керек», деді ол.

Сарапшылардың ай­туынша, оқу жылының ұзақ­тығын арттыру сынып­тар­дағы жүктемені 1-2 сағат­қа қысқартуға, каби­нет тап­шылығын оңтайлан­дыру­ға, білім алушылардың қо­сым­ша білім алуына және педа­гогтердің өздерін кәсіби дамытуына көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.