• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Шілде, 2022

iPhone 13 Ангелинаға бұйырды

228 рет
көрсетілді

Қарағанды облыстық Полиция депар­таменті интернет-алаяқтар туралы бейнероликтер байқауын ұйымдастырды. Үш бірдей банк демеушілік еткен шығармашылық сайысқа мектеп оқушылары, сту­денттер, блогерлер және журна­лис­тер қатысып, бақ сынады.

Құрамына БАҚ өкілдері, қоғам қай­раткерлері және банк саласының қызмет­керлері енген қазылар алқасы байқаудың бас жүлдесіне №15 орта мектептің оқу­шысы Ангелина Газдиева лайықты деп тапты.

Жеңімпазға бас жүлде – соңғы үлгідегі iPhone 13 Pro ұялы телефонын Қазақстан Жур­налистер одағының Қарағанды об­лыс­тық филиалының директоры Жәні­бек Садықанов табыс етті.

Ангелина Газдиева төрт жылдан бері видео түсіріп, бейнемонтаж жасаумен айналысып келеді екен.

– Үлкенге де, кішіге де жаңа дүние ұсы­натын тек танымдық бейне ролик­тер түсіремін. Байқаудың шарты бойын­ша ұсынылған тақырып мені қатты қызықтырды. Мен түсірген бейне-роликті көріп, адамдар интернет-алаяқтық деген не және онымен қалай күресуге болатынын білуі үшін барымды салдым. Жеңіске жетемін деп күткен жоқ едім. Әлбетте, өте қуаныштымын! – деп ағынан жарылды Ангелина.

Сондай-ақ байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орынды Айсұлтан Жақыпов алса, Бекжан Есенов екінші жүлдені, ал Елена Сахарчук үшінші орынды иеленді.

Марапаттау рәсімінің соңында Қара­­ғанды облыстық ПД басшысының орын­басары Әбіл Әбілдин байқауға қатысу­шыларға алғыс айтып, әріптестік негіздегі ынтымақтастықтың алдағы уа­қытта да жалғасын таба береріне сенім білдірді.

 

ҚАРАҒАНДЫ