Өткен тәулікте 334 қазақстандық коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Соңғы мәліметтерді Денсаулық сақтау министрлігі жариялады.
«8 шілдедегі мәлімет бойынша, 2 001 адам коронавирус инфекциясынан (–1 946+ және 55 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 261 пациент стационарда, 1 740 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда», делінген ведомство ақпаратында.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 15 адамның жағдайы ауыр.