• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Шілде, 2022

Қапшағайда шетелдік студент суға батып кетті

183 рет
көрсетілді

Қапшағай су қоймасына 23 жастағы студент батып кетті. Алдын ала болжам бойынша, ол - Алматыдағы С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде оқып жатқан Үндістан азаматы, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 7 шілде күні болған.

«Белгілі болғандай, Алматы қаласынан келген студенттер тобы Қапшағай су қоймасының жағажайында шомылып, қоғамдық құтқарушылардың ескертулеріне құлақ аспай, жағалаудан алысқа жүзіп кеткен. Бір сәтте студенттердің бірі өз күшін есептемей, одан әрі жүзіп, батып кеткен. Құтқарушылар 1999 жылы туған жігіттің денесін тауып, жағаға шығарды», деп хабарлады Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.