Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 7 шілденің кешімен салыстырғанда 2,51 теңгеге төмендеп, 1 доллар 474,92 теңге болды.
Ұлттық банктің 8 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 477,24 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 474 теңге, сатып алу – 478,50 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 471 теңгеден болса, сатып алу – 474,50 теңге.