Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев отандасымыз Елена Рыбакинаның Уимблдон турниріндегі жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Теннистен Уимблдон турнирінде топ жарған отандасымыз Елена Рыбакинаны бүгінгі жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. Бұл - барша қазақстандық жанкүйер қауымның қуанышы және ел спортының мерейі.
Жерлесімізге алдағы жарыстарда да сәттілік тілейміз. Жеңісті күндеріміз көп болсын!», делінген құттықтауында.