Каратэден Қазақстан құрамасының өкілі Софья Берульцева Бирмингемде өткен 2022 жылғы Бүкіләлемдік ойындардың жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Финалда Берульцева испаниялық Мария Торрес Гарсиядан басым түсті.
Айта кетейік, бұл турнирге әлемнің ең мықты 96 каратэшілері жиналған.